Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордаға кіру шектелді

Ақмола полицейлері елорда айналасындағы блок-бекеттерде шамамен 10 800 көлік құралын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 19 наурызынан бастап Ішкі істер министрінің, Департаменттің патрульдік полиция батальонының тапсырмасы бойынша Ақмола облысының 30 шақырым радиустағы Нұр-Сұлтан қаласының автожолдарында барлық бағыттарда автокөліктің кіруі мен шығуын шектеу, карантиндік аймақтың периметріне кіретін азаматтарды тексеру мен сүзу үшін 15 қосымша мобильді бекет қойылған. Блок-бекеттерде тәулік бойы 100-ден астам полиция қызметкері қызмет атқарады. Енгізілген шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және пандемияның басқа қалалар мен елді мекендерге таралуын тоқтату үшін қажет. Полиция қызметкерлері блок-бекеттерде көлік құралдарының жүргізушілері мен жолаушылары арасында карантин режимін енгізу шарттары мен азаматтардың міндеттері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, патрульдік экипаждар сауда желілері мен азық-түлік дүкендерінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін елордаға бірінші кезекте қажетті азық-тауарлар, оның ішінде азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектер жеткізетін көлік үшін “жасыл дәліз” қамтамасыз етеді.

Төрт күн ішінде блок – бекеттерге түсетін полиция қызметкерлері 10 841 бірлік көлік құралдарын, оның ішінде 8 182 жеңіл автокөлікті, 2626 жүк көлігін және 33 жолаушы көлігін тексерді.

Полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларды тіркеу мекен-жайын анықтау үшін ведомстволық деректер базасы бойынша тексереді.

Осындай тексерулердің нәтижесі бойынша 980 көлік құралы үшін елордаға кіру шектелді.

Азаматтар түсіністікпен осындай шараларға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, сондай – ақ тәртіпті күзетудің заңды әрекеттеріне кедергі жасау фактілеріне қатысты, блок-бекеттерде тіркелмегенін атап өту қажет.

Полиция қызметкерлері 22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласына кіруге және шығуға толық шектеу енгізілгенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру