Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандарға профилактикалық жұмыстар өтті

Қарағанды қаласында 25-29 мамыр аралығында «Үкім» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Бұл шара есептегі тұрған адамдардың арасында қайта құқық бұзушылық жасаудың алдын алуға бағытталған, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Қарағанды қаласы Октябрь ауданының пробация қызметі алдын-алу іс-шарасын өткізу жоспарын әзірледі. Қарағанды облысының ПД жергілікті полиция қызметіне және Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметіне іздеудегі адамдардың тізімдері жолданды.


Рейд барысында сотталғандармен жаза өтеу мерзімінде қайта қылмыс жасауға жол бермеу, сонымен бірге әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік жөнінде профилактикалық сипаттағы әңгімелер жүргізілді.


Ерекше назар қайта қылмыс және әкімшілік құқық бұзушылық жасауға бейімді адамдарға бөлінді.  Қоғамнан оқушауланбай жазасын өтеп жүрген сотталғандардың сегізі ереже бұзған. Олардың алтауы тұрғылықты жерінде болмаған, қалған екеуі тіркеуге келмеген. Анықталған бұзушылықтар бойынша сотқа шектеуді бас бостандығын айыруға ауыстыруға төрт материал жолданды.


Барлығы 205 сотталған тексерілді, іздеуде бір сотталған жүр, оған қатысты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Биыл жылдың басынан пробация қызметі есептері бойынша 619 сотталған өтті. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады және Қарағанды облысының Полиция департаменті және Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД басшылығының бақылауында тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру