Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандарға жақындарымен байланысын сақтауға мүмкіндік берілді

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД мекемесінде сотталғандар заманауи телефон байланысы жүйесі арқылы туған-туыстарымен қарым-қатынасын сақтауда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №33 мекемесінде сотталғандарға заманауи SoilPhone жүйесі арқылы туған-туыстарымен телефон арқылы байланыс жасауға мүмкіндік берілген.

Аталған жүйе сотталғандардың жақындарына қоңырау шалып, отбасымен қарым-қатынасын сақтауға және арақашықтыққа қарамастан эмоционалдық байланысты үзбеуге мүмкіндік береді.

Отбасы мүшелерімен тұрақты қарым-қатынас орнату әр адамның өмірінде маңызды орын алады. Ата-анасының, жұбайының, балалары мен басқа да жақындарының дауысын есту сотталғандарға отбасының қолдауын сезінуге, туған-туыстарының өміріндегі жаңалықтардан хабардар болуға және өзара сенімге негізделген қарым-қатынасты сақтауға ықпал етеді.

SoilPhone секілді заманауи технологияларды қолдану телефон байланысын ұйымдастыруды жетілдіріп қана қоймай, сотталғандардың жақындарымен қарым-қатынас жасауына қосымша мүмкіндік береді.

- Туған-туыстармен байланысты сақтау сотталғандар үшін үлкен маңызға ие. SoilPhone жүйесінің көмегімен олар жақындарымен тұрақты сөйлесіп, отбасындағы жаңалықтарды біліп, жақындарының қолдауын сезіне алады. Мұндай мүмкіндік отбасылық қарым-қатынастарды сақтауға және сотталғандардың қоғамға қайта бейімделуге деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді, - деп атап өтті мекеме әкімшілігінің қызметкері.

Әлеуметтік тұрғыдан маңызды байланыстарды сақтау - мекеме жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыс отбасылық құндылықтарды нығайтуға, сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне және оларды босатылғаннан кейінгі өмірге дайындауға бағытталған.

Жақындармен байланыс - адамға күш беретін маңызды қолдаудың бірі. Заманауи технологиялар осы байланысты сақтауға мүмкіндік беріп, қарым-қатынасты қолжетімді ете түсуде. Бұл өз кезегінде сотталғандардың отбасымен байланысын үзбей, жақындарының қолдауын сезінуіне жағдай жасайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру