Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Созақта үйден телефон мен ақша ұрлаған күдікті қамауға алынды

Созақта үйден телефон мен ақша ұрлаған күдікті қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу үйіндегі 50 мың теңге ақшасы мен құны 70 мың теңгелік Oppo A16 телефонын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 120 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Полиция қызметкерлері қылмыстық істі ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Яғни, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, күдіктінің жергілікті тұрғын екендігі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Белгілі болғандай, күдікті жас жігіт түнгі уақытта тұрғындардың сәкі үстінде ұйықтап жатқанын көріп, емін-еркін ашық тұрған есіктен үйге кіреді. Ол оңай олжалы болуды көздеп, ас бөлмеде тұрған сөмкеден ақшаны алып, сәкі үстінде тұрған ұялы телефонға көзі түсіп, оны да алып кеткен. Ол бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда сезіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру