Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ауыл тұрғыны Lexus көлігін ұрлап кетті 

Павлодар облысында ауыл тұрғыны Lexus көлігін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 шілдеде Павлодар қаласының 48 жастағы тұрғыны өз көлігін айдап әкету туралы полицияға арызданды. Сағат 03.00-де Lexus RX 330 автокөлігі Павлодар ауданы Новочерноярка ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінің аумағынан ұрланған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларына дереу кірісті. Нәтижесінде, автокөлік Павлодар қаласының Набережная көшесінде “ізін суытпай” табылды.

Көлік ұрысы Май ауданының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам өз кінәсін мойындады, қалаға жету үшін көлік ұрлағанын айтты.

– Автокөлік техникалық жарамды жағдайда иесіне қайтарылды, ал қаскүнемге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру