Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Созақтық полицейлер көлігі батпаққа батып қалған тұрғынға көмек берді

Созақтық полицейлер көлігі батпаққа батып қалған тұрғынға көмек берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Созақ ауданының патрульдік полицейлері патрульдеу кезінде Ақтас жолында батпаққа батып, жүре алмай қалған көлікті байқайды. Жолда осындай жайттарға жиі кездесетін тәртіп сақшылары көліктеріне әдейілеп салып жүрген сым арқандарын алып, көлік жүргізушісіне көмекке келді. Полицейлер өз көліктеріне тұрғынның автокөлігін сым арқан арқылы жалғап, жәрдем берді. Осылайша, аз уақыттың ішінде тұрғынның көлігі қайта жол бойына шығарылды.

Тәртіп сақшыларының жанашырлық танытып, қолғабыс еткеніне дән риза болған азамат:

– Біз, Созақ ауданында орналасқан Ақтас әулие бұлағына су алуға келген болатынбыз. Қайтар жолда көліктің дөңгелектері батпаққа батып, қозғала алмай қалдық. Сол кезде полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгіндік. Олар бізге көмек берді. Батпақтан шығуға көмек көрсетті. Тәртіп сақшыларына үлкен ризашылығымды білдіремін, – деп өз алғысын айтты.


Түркістан облысының полицейлері көлік жүргізушілеріне жолдарда абай болып, жылдамдықты асырмау керектігін ескертеді. Егер де ұзақ жолға шығуды жоспарласаңыз, онда міндетті түрде көлігіңізді соған сай жабдықтап, қажетті заттарды жаныңызда ұстаңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру