Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өзгеге тиесілі мүлікті сатып жіберген жетісайлық қылмысын мойындады

Түркістан облысында ауылдасын алдап, өзгеге тиесілі мүлікті сатып жіберген тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-ға арызданған жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын жеткізді. Танысы бөтен үйдің алдында тұрған трактор тіркемесін (тележкасын) өзінікі екендігіне сендіргендіктен, сатып алған. Тіркемені алып кеткен соң, заңды иесі, полиция қызметкерлерімен бірге сатып алушының үйіне барған. Орын алған түсінбеушіліктің барысында тәртіп сақшылары аталған іске біреудің мүлкін заңсыз иеленіп, сатып жіберген күдіктіні анықтады.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, күдікті Жетісай АПБ-ға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі барысында, ол өзінің қылмысын толығымен мойындаған.

Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Айғақты зат тележка заңды иесіне қайтарылды. Түркістан облысының полицейлері алаяқтардан әрдайым сақ болу керектігін ескертеді. Олар өз олжасына қол жеткізу үшін түрлі айла-амалдарды қолданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру