Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 100-ден астам полиция қызметкері марапатталды

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 100-ден астам полиция қызметкері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында 100-ден астам солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері марапатталды. Сақшылар құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен, төсбелгілермен және медальдармен марапатталды.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов салтанатты жиынды ашу кезінде қоғам тарапынан полицейлерге жоғары талаптар қойылғанын және қылмысқа қарсы күресте зор нәтижелер күтетіндігін атап кетті.

Мемлекет тәртіп сақшыларын автокөліктермен, заманауи цифрлық құрылғылармен және т.б. қамтамасыз етуде. Өңір басшысы полиция қызметіндегі оң үрдістерге де тоқталды. Облыстағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар саны 2015 жылмен салыстырғанда екі есеге азайды. Облыс әкімі басты мемлекеттік мереке қарсаңында әр қызметкердерің еңбегін бағалау маңызды екенін айтып, полицейлерге мінсіз қызметтері үшін алғысын білдірді, қиын әрі жауапты қызметте тұрақтылық пен жетістіктер тіледі.

Бірқатар офицерлер мерейтойлық медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Олардың қатарында полиция подполковнигі Руслан Тасимов та бар. Ол ішкі істер органдарында 2005 жылдан қызмет атқарып келеді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында оған құрмет грамотасы табысталды. Бұл күні Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах «полиция подполковнигі» арнайы атағын мерзімінен бұрын алды.

Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев жеке құрамды қызметтері үшін алғыс айтып, алдағы мерекемен құттықтады, облыстың барлық аудандарынан келген жүзге тарта қызметкерді марапаттады.

Облыстың басқа күштік құрылымдарының жетекшілері де сөз алып, мерекелік құттықтауларын айтты. Салтанатты жиын қаланың шығармашылық ұжымдары мен СҚО Полиция департаментіндегі Мәдени орталықтың әртістері дайындаған концертпен аяқталды. Солтүстікқазақстандық полицейлер барлық демалыс және мереке күндерін әдеттегідей қызмет өткерудің күшейтілген түрінде өткізіп, азаматтардың тыныштығын күзетіп, қоғамдық тәртіпті сақтамақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру