Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 33 полиция қызметкері мен ардагері марапатталды

СҚО-да 33 полиция қызметкері мен ардагері Наурыз мейрамы қарсаңында марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшылығы жеке құрамды және ведомство ардагерлерін келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады. 33 полиция қызметкері мен ардагері медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. 

Наурыз – жанұямен қарсы алатын көктемгі жаңарудың көптен күткен мерекесі. Дей тұрғанымен, барлық жедел қызметтер, оның ішінде полицейлер қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін демалыс күндерін жұмыста өткізетін болады. СҚО Полиция департаменті бастығы Марат Төлебаев жеке құрамды келе жатқан мерекемен құттықтап, жақындарына зор денсаулық, қызметте сәттілік тіледі.

Облыстық полицияның отыздан астам қызметкері естелік медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Оның ішінде аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушы Раушан Бәкеева. Ол тергеу және анықтау бөліністерінде 2002 жылдан қызмет етіп келеді. Раушан Бәкеева еңбегі департамент басшылығымен еленіп жатқанына аса риза және барлық қазақстандықтарды шұғылалы Наурыз мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ марапатталғандардың арасында ішкі істер органдарының ардагері, педагог Шегебай Нұрғожин де бар. Зейнеткер Бауыржан Момышұлының “Батыр шапағаты” естелік медалімен марапатталды. Ол марапатына алғыс білдіріп, жерлестеріне ашық аспан мен бақ-береке тіледі.

Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ “Құқықтық пәндер” кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, “Ұрпақ” қазақ мәдени-ағартушылық орталығының төрайымы Гүлбахша Мұсабаева полицейлерге мерекенің тарихы туралы айтып берді.

Гүлбахша Мұсабаева полицейлер оқиғалардың алдыңғы шебінде жүретінін, ал Наурыз мейрамын мерекелеу күндері балалармен халқымыздың салт-дәстүрлерін, отбасы тарихын зерделеу, жастардың бойында үлкенге құрмет көрсету қасиетін қалыптастыру аса маңызды екенін атап өтті. 

Іс-шара ведомствоның Мәдени орталығы дайындаған концерттік іс-шарамен аяқталды, концерттен кейін полицейлер қызмет өткеруге аттанды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру