Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да алты күнде 21 мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да алты күнде 21 мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Петропавл қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері BMW автокөлігін есірткілік масаң күйде басқарған Қарағанды облысының тұрғынын ұстады.

Жүргізуші кешкісін айналма жолда қаланың солтүстік бөлігінде тоқтатылды. Медициналық куәландыру ер адамның автокөлікті есірткілік масаң күйде басқарғанын көрсетті. Сондай-ақ ол көлік басқаруға құқығы болмаса да рөлге отырған. Нәтижесінде оған қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Әкімшілік соттың шешімімен құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының ақпаратынша, «Мас жүргізуші» облыстық іс-шарасының алты күнінде облыс жолдарында көлікті мас күйде тізгіндеген 21 жүргізуші ұсталған. Тәртіп сақшылары бұндай құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, қайғылы оқиғағаның алдын алды деуге болады.

– Жедел-профилактикалық іс-шараның басынан Жол жүрісі қағидаларының 1510 бұзушылығы тіркелді. Оның ішінде жылдамдықты асырудың – 105, көлік құралдарын құжатсыз басқарудың – 89, техникалық тексеруден өтпеген көлікті басқарудың 43 фактісі анықталды. Сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпанғаны – 156, көлік басқару кезінде телефон пайдаланғаны 121 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілер де бірқатар бұзушылықтарға жол берді. Бұндай 184 факті тіркелді, – дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.

«Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы облыс аумағында 16 желтоқсанда басталды. Онкүндік іс-шара кезінде жүргізушілер жол сақшыларының назарында болады.

11 айда Петропавл қаласының аумағында 164 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 4 адам қаза тауып, 203 адам жарақаттар алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру