Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің балаларына жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды

Алматыда қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің балаларына жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызмет бабында қаза тапқан тәртіп сақшыларының балалары жаңа жылдық сыйлықтар мен керемет эмоция алды. Н.САЦ атындағы театрдың директоры Олег Гостев “Ертегілер әліпбиі” атты жаңа жылдық қойылымына 80 билетті ұсынды.

Мерекеге Алматы қаласының мүгедектерге және қайтыс болған құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсету орталығының қамқорлығындағылар келді. Ертегідегі қойылым ұл-қыздарды баурап алды.

Түрлі кейіпкерлер, мультфильм кейіпкерлері балалардың назарын аударды. Кішкентай көрермендер шыршаның айналасында ойнады, би биледі. Ал жаңа жылдық қойылымды тамашалап болған соң, балалар тәтті сыйлықтарға ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру