Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да “Аяз ата мен Ақшақар” жүргізушілерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

СҚО-да патрульдік полицейлер Аяз ата мен Ақшақар болып киініп, жүргізушілерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жол қозғалысының қатысушылары үшін профилактикалық сипаттағы акция өткізді. Қалалық патрульдік полиция батальонының взвод командирі Нұрбек Байлин мен батальонның технигі Вера Остроглядова Аяз ата мен Ақшақар болып киініп, автокөліктерді тоқтатты. Олар жүргізушілерге жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау қажет екенін айтты. Жемістер мен тәттілер алған адамдар полицейлердің бұл бастамасын құптап, жол ережелерін бұзбауға және көлік тізгінінде мұқият болуға уәде берді.

Петропавл қалалық ПБ ППБ командирі Қанат Әлімжановтың айтуынша, аталған профилактикалық акцияның мазмұны – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үйге аман-есен оралу отбасы мүшелері үшін өте маңызды екенін, сондай-ақ жол тіпті ұсақ қателіктерді де кешірмейтінін айтып жеткізу.

2023 жылдың 11 айында облыс орталығында 201 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 231 адам жарақат алды, 2 адам көз жұмды. Жыл басынан полиция басқармасы құрамындағы ППБ жеке құрамы түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 3750 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру