Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да бір түннің ішінде көлік басқару құқығынан айырылған екі жүргізуші ұсталды

СҚО аумағында бір түннің ішінде бұрын көлік басқару құқығынан айырылған екі жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 тамыз күні шамамен сағат 22-00-де Қызылжар ауданының Бәйтерек аулының маңында “Жезқазған-Петропавл” жолында “Lada Kalina” автомобилі аударылған. 1970 жылы туған аудан тұрғыны, жүргізуші жарақат алған. Полицейлер оны медициналық қызмет көрсету үшін 3-қалалық ауруханаға жеткізді. Былтырғы жылы автомобилистің көлік басқару құқығынан үш жылға айырылғаны анықталды. Аталған факті бойынша материалдар жинақталуда.

Кейін шамамен сағат 2:20-да Мамлют ауданында учаскелік полиция инспектор ауылдардың көшесінің бірінде 26 жастағы ауыл тұрғынының басқаруындағы мотоциклді байқайды. Бұл жігіттің ақпан айында масаң күйде көлік басқарғаны үшін жүргізу құқығынан айырылғаны полицейдің есінде болатын. Ол кезде рөлге масаң күйде отырғандарға қатысты заңнама қатаңдатылып, басқару құқығынан айыру мерзімі жеті жылды құраған болатын. Тағы да медициналық куәландыру мотоцикл жүргізушісінің масаң күйде болғанын көрсетті. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне рөлге масаң күйде отырған жүргізушілердің жазасын көздейтін, ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша енгізілді.

– Халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін полиция бөліністерінің қызметкерлері, сотпен рөлге отыруға тыйым салынған адамдардың көлік басқару фактілерін анықтау және жолын кесуге бағдарланды, – деді СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев. – Әсіресе олар масаң күйде болса аса қауіпті. Мұндай фактілерді барлық жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігі үшін болдырмау – құқық қорғау органдарының мақсаттарының бірі болып табылады. Жауапкершілік жайдан-жай артып отырған жоқ: қаңтар айынан бастап рөлге масаң күйде отырып, салынған тыйымға құлақ аспаған жүргізушілерді сот өмір бойына жүргізу құқығынан айырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру