Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да “Daewoo Nexia” жүргізушісі бір отар қойды қағып кетті: 14 бас мал өлді

СҚО-да “Daewoo Nexia” жүргізушісі бір отар қойды қағып кетті: 14 бас мал өлді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қыркүйек сағат 12.50-де Есіл ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне “Петропавл-Жезқазған” автожолында аудан орталығы Явленка селосының маңында Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі бір отар қойды қағып кетті. 
Анықталғандай, Daewoo Nexia-ның 51 жастағы жүргізушісі 41 жастағы жолаушысымен бірге Петропавл қаласынан Шал ақын ауданына бет алып бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы “Мал айдау” жол белгісінің аумағында орын алған. Салдарынан 14 бас мал өлді. Жүргізуші мен жолаушы аман.

Есіл ауданы ПБ бастығы Ерлік Есләмбеков хабарлағандай, алынған медициналық куәландырудың нәтижесіне сәйкес Daewoo Nexia жүргізушісі – мас емес. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 1-бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша материал жиналды және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Бұл – жыл басынан облыс жолдарында малдың қатысуымен тіркелген екінші жол-көлік оқиғасы. Жалпы, СҚО-да сегіз айда 100-ден астам жол апаты тіркелді, салдарынан 20 адам көз жұмып, 149 адам жарақаттар алды.
Полицейлер жүргізушілерге жол үстінде аса сақ болуға кеңес береді. Көлік тізгіндеу кезінде өте мұқият болу қажет, жол белгілеріне де мән берген абзал. Сондай-ақ, жолдарда үй жануарларының ғана емес, түз жануарларының да кенеттен пайда болуына дайын болу керек. Бұл әсіресе, түнгі уақытта және маусымаралық шақта; күзгі жауын-шашында, көктайғақта маңызды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру