СҚО-да «Динамо» спартакиадасы аясында жүгіруден үздіктер анықталды
СҚО-да «Динамо» спартакиадасы аясында жүгіруден үздіктер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының құқық қорғау органдарының өкілдері президенттік тесттер бойынша жарыстарға қатысу үшін «Динамо» стадионына жиналды.
«Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Талғат Тұғынбаев погон таққан спортшыларға сәттілік тіледі. Ол қоғамның жылдық жоспарында 22 іс-шара бар екенін атап өтті, оның жетеуі құқық қорғау құрылымдарының өкілдері үшін дәстүрлі спартакиада есебіне кіреді. Президенттік тесттер – спартакиаданың төртінші түрі. Қашықтық ерлер үшін – 2400 метр, әйелдер үшін 1200 метрді құрайды.
Жарыс екі жас санатында өткізілді. Жарысты 30 жастан асқан әйелдер ашты. Бірінші мәре сызығын ҚР Ұлттық ұлан академиясының өкілі Әйгерім Ниязтайқызы кесіп өтті. Осы жас тобындағы ер адамдардан СҚО ПД аппаратының өкілі Саят Илюбаев жеңімпаз атанды. 30 жасқа дейінгі топта қыздар арасында бірінші орынды мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілі Дарья Фельдман иеленсе, ерлер арасында ҚР Ұлттық ұлан академиясының өкілі Мақсұт Мұратбеков чемпион атанды.
Командалық есепте Ұлттық ұлан академиясының спортшылары, дәстүрлі түрде осы спорт түрінен мықты спортшылар жарыс чемпиондары атанды. Екінші орынды 6637 әскери бөлімінің «Динамошылары» иеленді. МКҚБ полицейлері көшбасшылардың үштігін түйіндеді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының жүлделерімен марапатталды, құрмет тұғырына ие болған командаларға кубоктар табысталды. Спартакиаданың бесінші түрі – гір спорты бойынша жарыстар.