СҚО-да ЕС-164/3 мекемесінде «Аспаздар шайқасы» байқауы өтті
СҚО-да ЕС-164/3 мекемесінде «Аспаздар шайқасы» байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 қазанда әлемдегі барлық аспаздар өздерінің кәсіби мерекелерін – Халықаралық аспаздар күнін атап өтеді.
СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ЕС-164/3 мекемесінде «Аспаздар шайқасы» конкурсы өткізілді. Байқаудың мақсаты – дұрыс тамақтануды насихаттау.
«Үздік аспаз» атағы үшін мекеменің асханасында аспаз болып жұмыс істейтін төрт сотталған адам бақ сынасты. Байқау үш кезеңнен тұрды. Қазылар алқасы тағамдардың дәмін ғана емес, сонымен қатар тағам дайындау технологиясын, тағамның әдемілігін де бағалады.
Бірінші тапсырмада байқауға қатысушылар тауар төңірегі, түрлі өнімдерді сақтау мерзімі туралы бірқатар сұрақтарға жауап беруі қажет болды.
Келесі кезеңде қатысушылар тамақ дайындауға кірісті. Барлығына бірдей салат дайындауға арналған өнімдер жиынтығы берілді. Тек жылдамдық қана емес, дәлдік, көкөністерді кесу техникасы да бағаланды.
Байқаудың соңғы, үшінші кезеңі мерекелік торт дайындау болды. Мұнда қатысушылар командада жұмыс істеу қабілетін көрсету керек болды.
Қазылар алқасының пікірінше, мекеменің ең «Үздік аспазы» сотталған И. болды, ол алдыңғы екі конкурста да ең көп ұпай жинады.
– Мен алты жылға сотталдым, оның екі жылын өтедім. Сотталғанға дейін тамақ пісіруді ұнататынмын, енді тағамды мекеменің асханасында дайындаймын. Маған тамақ пісіру өте ұнайды, бар ынтам мен жанымды саламын. Менде аспаздық білімі жоқ, бірақ мендегі тамақ дайындауға деген сүйіспеншілікті анам оятты. Ол тамақ пісірген кезде мен әрқашан бірге, қасында жүретінмін. Менің ойымша, бұл шеберлік маған болашақта да пайдалы болады, – дейді сотталған И.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен марапатталды.