Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да есептегі 5 сотталған ақылы қоғамдық жұмыстарға орналасты

СҚО-да есептегі бес сотталған ақылы қоғамдық жұмыстарға орналасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖД М.Жұмабаев аудандық пробация қызметі бөлімімен бас бостандығын шектеу жазасындағы бес сотталған мәжбүрлі түрдегі еңбегін аяқтап, ақылы қоғамдық жұмыстарға орналастырылды.

Бас бостандығын шектеу жазасына сотталған, тұрғылықты жұмысы жоқ және оқудан бос сотталғандар сот үкімі бойынша мәжбүрлі түрдегі еңбекке тартылды. Мәжбүрлі түрдегі еңбекке тарту сағаттары аяқталған күні осы жаза түрін адал ниетпен орындаған сотталғандарға ақылы қоғамдық жұмыстарға орналасу ұсынылды.

Мәжбүрлі түрдегі еңбекке баулу жазасының арқасында сотталғандар түзу жолға түсуде, себебі бұл жаза түрі әр жыл сайын жазаның барлық кезеңінде орындалады. Бұл жаза түрі белгілі бір біліктілікті талап етпейтін қоғамдық пайдалы жұмыстардан тұрады. Тұрақты жұмыс орны бар сотталғандар бұл жаза түрінен босатылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру