Түркістан облысының полицейлері оқушыларға жол қауіпсіздігі туралы сабақ өткізді
Ордабасылық полицейлер аудан аумағындағы 65 мектептің оқушыларына жол қауіпсіздігі туралы сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы ауданының бірқатар мектептерінде ювеналдық полиция инспекторлары «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында оқушылар арасында жол қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша сабақтар өткізді. Түсіндіру жұмыстары ауданда орналасқан 65 мектептің бастауыш сыныптарының оқушылары арасында жүргізілді.
Сонымен қатар, оқушыларды маңызды жол белгілерімен таныстырды. Жолда абай болудың, жолда жүру ережесін қатаң сақтаудың, жаяу жүргінші жолағының, тротуардың маңыздылығы айтылды. Түрлі суреттер арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып, белсенді қатысуларын қадағалады. Мұндай іс-шаралардың мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігіне байланысты жолда жүру ережелерін түсіндіру.