СҚО-да есептегі сотталғандар ауылды абаттандыруда
СҚО-да есептегі сотталғандар ауылды абаттандыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық жұмыстар – жаза түрі ретінде негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындаудан тұрады, олардың түрін жергілікті атқарушы органдар айқындайды. Мұндай жұмыстарға, әдетте, тұрмыстық қалдықтарды жинау, аумақтарды қардан, қоқыстан, мұздан тазарту, ағаштарды кесу, ақтау жатады.
Қоғамдық жұмыстар кез келген жазаның негізгі мақсатын біріктіруге мүмкіндік беретін құқықтық институт. Жазаның осы түріндегі пәрменді тетік және превентивті құрамдас бөлік тағайындалған жазаны бас бостандығынан айыруға дейін неғұрлым қатаң жазаға өзгерту қауіп-қатері бар.
Мәселен, ҚР Қылмыстық кодексінің 42-бабының 2-бөлігі (Түзеу жұмыстары) бойнша қоғамдық жұмыстардан қасақана жалтарса, олар шектеуге немесе бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
СҚО бойынша ҚАЖД Есіл ауданының пробация қызметі бөлімінде қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазада үш сотталған тұр, олар Явленка ауылын абаттандыру бойынша қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындайды.
Сот үкімі бойынша қоғамдық жұмыстарды орындайтын сотталғандарға әкімдіктің мамандары жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді, онда нақты жұмыс істеген сағаттары көрсетіледі. Пробация қызметі өз кезегінде қоғамдық жұмыстар түріндегі жазаны өтеу жағдайларын бұзуға жол бермеу үшін сотталғандардың жазасының орындалуын бақылайды. Тағайындалған жаза мерзімі аяқталғаннан кейін сотталғандар пробация қызметінің есебінен шығарылады.