Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да кәмелетке толмағандардың түнгі уақыттағы серуендері үшін ана-аналары жауапқа тартылады

СҚО-да кәмелетке толмағандардың түнгі уақыттағы серуендері үшін ана-аналары жауапқа тартылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Компьютерлік клубтар, диско-барлар, сонымен қатар, аулалар мен тұйық көшелер – ювеналды полиция қызметкерлері жазғы демалыс кезінде түнде жасөспірімдердің уақыттарын өткізетін орындарды тексереді. Мақсаты – қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңды өкілдерді тәуліктің қараңғы уақытында орын алуы мүмкін қатерлер туралы ескерту.

Шілденің 18-не қараған түнде «Қауіпсіз жаз» акциясы аясында петропавлдық полицейлердің назарына 13 жастағы екі жасөспірім түсті. Олар Н.Назарбаев көшесімен ересектердің қарауынсыз жүрген. Ата-аналары ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ескерту шығарылды.

– Акция барысында полицейлер кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруінің тағы осындай 7 дерегін анықтады. Екі кәмелетке толмағанның алкогольдік ішімдік ішу фактісі анықталды. Сондай-ақ, тұрмысы нашар отбасылар да бақылауда. Балалар мен жасөспірімдердің түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін көшеде жүруге болмайтынын естеріңізге саламыз, – дейді Петропавл қалалық ПБ ЖПҚ бөлімінің бастығы Рустам Садулов.

Жыл басынан 620 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 40-ы – кәмелетке толмағандардың спирттік ішімдіктерді ішкені, 19-ы – көңіл көтеру орындарында болғаны, 426-сы – тұрғын үйден тыс жерде түнгі уақытта болғаны үшін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру