Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да кәсіпкер әйел дүкеніндегі ұрлықты ашқан полицейлерге алғысын білдірді

СҚО-да кәсіпкер әйел дүкеніндегі ұрлықты ашқаны үшін полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есіл ауданының тұрғыны Корнеевка ауылындағы дүкенінде болған ұрлықты ашқаны үшін полицейлерге «Instagram» желісінде алғыс жариялаған. Шілденің 5-і таңертең дүкенінде белгісіз қылмыскердің болып кеткенін анықтайды. Ол пластик терезесін майстыра ішке кіріп, саудадан түскен ақшаны, оған қоса бірнеше блок темекіні және қымбат вискиді қолды қылған. Ауылдағы дүкен бейнебақылау камерасымен жабдықталған болған, бұл жедел уәкілдердің қылмыскерді «ізін суытпай» анықтауларына көмектесті. Күдікті жақын маңда орналасқан мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан, бұрын сотты болған Көкшетау қаласының тұрғыны болып шықты. Ұрланған тауарлар, оның ішінде тауыспаған виски де, оқу орнының аумағында тығып қойған жерінен алынды.

– Жедел уәкілдер өздерінің сауатты іс-қимылдарымен ұрланған тауарларды сатудың жолын ғана кесіп қоймай, қылмыскердің жасырылуына мүмкіндік бермеді. Ұры ұсталды және 2021 жылдың 6-шы қыркүйегі үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды, – дейді кәсіпкер, қылмысты ашуға қатысқан аудандық полиция бөлімі қызметкерлеріне алғысын білдірген жазбада.

– Аталған жағдай қылмыстарды ашуда бейнебақылау жүйесінің тиімділігін көрсетеді, – дейді Есіл ауданының ПБ бастығы Ерлік Есләмбеков. – Ауданда кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады, объектілерін техникалық нығайту туралы ұсыныстар беріледі. Негізгілері – бейнебақылауды ұйымдастыру, есікке мықты құлып, терезеге тор орнату, мүмкіндік болған жағдайда – күзет қою, дабыл орнату. Бұл шараларсыз дүкендер, бақа да бизнес объектілері қаскөйлердің олжасына айналуы әбден мүмкін.

Облыста жыл басынан ауыл дүкендерінде жасалған 11 ұрлық тіркелді, бүгінгі күні оның тоғызы ашылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру