Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да көші-қон заңнамасын бірнеше рет бұзған 20 шетелдік ҚР-нан тыс жерге шығарылды

СҚО-да көші-қон заңнамасын бірнеше рет бұзған 20 шетелдік алты күн ішінде ҚР-нан тыс жерге шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында СҚО полицейлері түсіндіру жұмыстарын күшейтті.

Өзектісі – еңбек көші-қон мәселелері. Облысқа жұмысқа келгендердің басым бөлігін Орталық Азия елдерінің азаматтары құрайды. Тәртіп сақшылары Өзбекстан, Тәжікстан және Әзірбайжан азаматтарына тек жеке тұлғаларда еңбек етуге орналасауға болатынын және еңбек көші-қонның саны 5-тен аспауы тиіс екендігін еске салады.

Алайда кейбір жұмыс берушілер заңнаманың аталған нормасын елемейді. Мәселен, Ақжар ауданындағы фермерлік шаруашылықтардың бірінің иесі тиісті рұқсатсыз Өзбек елінің 14 азаматын жұмысқа алған. ҚР аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін оларға қатысты әкімшілік материал жиналды. Шетел еңбек күштерін заңсыз пайдаланғаны үшін фермер әкімшілік жауапкершілкке тартылды.

– Облыс аумағында «Мигрант» ЖПІШ 10-17 наурыз аралығында өткізілуде. Тексерістер шаруашылықтарда, құрылыс алаңдарында, базарларда және өзге мемлекет азаматтары жұмысқа жиі орналасады деген орындарда күшейтілген түрде жүргізілуде. Көші-қон легіне бақылау жасау – құқықтық тәтіпті нығайту бойынша жұмыстың маңызды түрі, – дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Аталған ЖПІШ алты күні ішінде шетел еңбек күшін заңсыз тартқаны үшін 18 қазақстандық жауапкершілікке тартылды. ҚР аумағында болу тәртібінің түрлі бұзушылықтары үшін 201 шетелдік, оның ішінде 13 алыс шетелдік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, Түркия елінің сегіз тұрғыны тиісті мерзімнің өтіп кетуіне қарамастан, ҚР тыс жерге шығуға асықпаған. Сот шешімі бойынша ҚР көші-қон заңнамасын бірнеше рет бұзғаны үшін 20 шетелдік елімізден шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру