Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да масаң күйдегі мотоцикл жүргізушісі жол-көлік оқиғасын жасады

СҚО-да масаң күйдегі мотоцикл жүргізушісі жол-көлік оқиғасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері жолдардағы тексеру жұмыстарын күшейтті. Мұндағы негізгі мақсат – Жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарының жолын кесу. Бұл жұмыстар 4 шілде күні басталған “Қауіпсіз жол” акциясы шеңберінде жүргізілуде. Осы уақыт аралығында облыс жолдарында 20 мас жүргізуші ұсталды. Көлікті мас күйде басқару – жол-көлік оқиғасының болу қаупін арттырады.

Мәселен, 26 маусым күні Айыртау ауданындағы Арықбалық ауылының маңында Racer2 мотоциклінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай аударылған. 26 жастағы ауыл тұрғыны жедел жәрдем көлігімен аудандық ауруханаға жеткізіліп, оған медицналық көмек көрсетілді. Ол көлік тізгініне спирттік ішімдік ішіп, масаң күйде отырғанын мойындады. Сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес жауапкершілік күтіп тұр. Баптың санкциясына сәйкес, масаң күйде көлік басқару үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және көлік басқару құқығынан 7 жылға айыру көзделген.

– Айта кететіні, екі дөңгелекті көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігі жаз кезінде аса өзекті мәселелердің бірі. Жыл басынан облыста мотокөліктің қатысуымен 4 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 5 адам зардап шекті. Мотоцикл жүргізушілерін қорғаныс құралдарына немқұрайлық танытпауға шақырамыз: мотошлемнің бауы бекітілген болуы тиіс. Міндетті түрде жарық құрылғыларын пайдаланыңыз. 16 жасқа толмаған және Жол қозғалысы ережелерін толық көлемде білмейтін тұлғаларға скутерді басқаруға тыйым салынған, – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жалпы акцияның төрт күнінде СҚО полицейлері мотоцикл жүргізушілерімен жасалған 16 жол-көлік оқиғасын анықтады. 183 жүргізуші белгіленген жылдамдықты асырған, 17-сі маневр жасау ережелерін бұзған, 11-і жаяу жүргіншілерге жаяу жүргіншілер жолағында басымдық бермеген. Тәртіп сақшылары  барлық жол қозғалысы қатысушыларын жолда сақ болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру