СҚО-да облыс тұрғындары мен полиция қызметкерлері марапатталды
Төтенше жағдай кезінде полицияға қолдау көрсеткен облыс тұрғындары Ішкі істер министрлігінің құқығымен марапатталды. Аққайың ауданының үш тұрғыны алғыс хаттарға ие болды. Облыстық ішкі істер органдарының ардагерлері де естелік медальдар, грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды. «Ерен еңбегі мен жеке қосқан үлесі үшін» естелік медальдар да табыс етілді.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев жиналғандардың алдында сөйлеген сөзінде екі мерекелік датаның арасындағы терең байланысты атап өтті:«Мамыр айында атап өтетін мерекелеріміз қарсаңында, біз Отанымызды фашистік басқыншылардан қорғаған, сондай-ақ әскер қатарында қызмет еткен, бүгінде әскери борышын өтеп жүргендерге құрмет көрсетпекшіміз, – деді ол. – Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен ұрпақтың ерлігі адамзат жадында көпұлтты халықтың ерлігі, қайсарлығы мен бірлігінің үлгісі ретінде мәңгі қалады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері дежауды жеңуге лайықты үлестерін қосты: соғыста ұрыстарға қатысты, қылмысқа қарсы күресті. Біздің міндетіміз – сол қатал соғыс жылдары туралы тарихи шындықты сақтау, тірі қалған және қаза тапқан батырларды еске алу».