Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландықтар өртті ауыздықтады

Түркістан облысында үйлердің бірінен өрт шығып, Ұлттық ұлан жасағы дер кезінде көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 мамыр күні сағат таңғы 5 кезінде Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылында полицей Зафар Хайтметов бастаған Ұлттық ұлан жедел тобы жауынгерлік қызметтің ұйымдастырылуын тексеру барысында Карл Маркс көшесінде орналасқан үйлердің бірінде жарылыс болғанын естиді.

Оқиға орнына жеткен олар өртеніп жатқан үйді байқаған бетте, әскери жасақтар бойынша кезекші полицей Серік Құдайбергеновке баяндайды.

Ол учаскелік полиция пунктіне және өрт сөндіру бөліміне хабар береді. Оқиға орнына алғаш боп әскери жасақ басшысы Айдос Нұрманов жеткен. Көрші жасақтардың көмегімен оқиға орны оқшауланады.

Ұландықтар полиция және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, алапат өртті ауыздықтап, адамдар мен бағалы заттарды қауіпсіз орынға шығарған.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру