СҚО-да патрульдік полицейлер мектеп маңдарында «Қауіпсіздік сағатын» өткізді
Жазғы демалыс қарсаңында петропавлдық полицейлер «Қауіпсіздік сағаты» акциясын өткізді. Қала мектептері маңына патрульдік автокөліктер қойылды. Олардың барлығы белгіленген бір уақытта жарқылдауық маяктарын және сигналды-дауыс құралдарын іске қосты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төрт айдың ішінде облыс жолдарында 64 жол-көлік оқиғасы тіркелген, онда 14 адам қаза тауып, 92-сі жарақат алды. Балалардың қатысуымен болған төрт жол-көлік оқиғасында бес кәмелетке толмаған зардап шекті. Өткен жексенбі күні жас велосипедшілердің қатысуымен тағы екі автоапат орын алды.
ЖКО ескерту мақсатында СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы профилактикалық жұмысты жандандырды. СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов айтып кеткендей, «Қауіпсіздік сағаты» акциясы аясында патрульдік полицейлер жаяу жүргінші өткелдеріне жақын жерлерде жаяу жүргіншілердің де, жүргізушілердің де тараптарынан көліктік тәртіптің сақталуына мониторинг жүргізілген.
Нәтижесінде, патрульдік автокөлік жүрген жерлерде жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де ЖҚЕ сақтауға тырысатындары байқалды. «Абайлаңыз, балалар!» акциясының негізгі мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысына жол қателікті кешірмейтінін жеткізу.
Жазғы демалыс қарсаңында полицейлер ата-аналар мен педагогтардан балаларымен қосымша әңгіме жүргізуді сұрайды. Жолдың жүру бөлігінен бағдаршамның рұқсат етілген түсіне өту, сондай-ақ жаяу жүргінші өткелінен велосипедпен, самокатпен өту ережелеріне ерекше назар аудару қажет. Жаяу жүргінші өткелінен велосипедтен түспей өтуге тыйым салынады.