Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында ер адамды көлік қағып кетті: жаяу жүргінші көз жұмды

Жамбыл облысында жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ізін суытпай ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 мамырда сағат 05:30 шамасында аудандық маңызы бар Айша бибі – Қаратау көлік жолының үшінші шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. Белгісіз адам 45 жастағы ер адамды қағып, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Жаяу жүргінші оқиға орнында алған дене жарақаттары салдарынан қайтыс болды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жедел әрекет етті. Нәтижесінде,  Audi-80 көлігінің 28 жастағы жүргізушісі анықталып, ұсталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бабы (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Көлік тұраққа қойылды. Бірқатар тиісті сараптамалар кешені тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру