СҚО-да полицейлер мен ардагерлер ауылдық жастарға ерлік сабағын өткізді
СҚО-да полицейлер мен ардагерлер ауылдық жастарға ерлік сабағын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер мен ардагерлер СҚО Аққайың ауданының жастарына патриоттық кедесу өткізді. Ұрпақтар кездесуі форматындағы ерлік сабағы Смирново ауылындағы орталық аудандық кітапханада өткізілді.
Солтүстікқазақстандық полицияның тарихында көптеген ашылған резонанстық қылмыс, елеулі жетістіктер, сондай-ақ офицерлер мен сержанттардың жанқиярлығы мен батылдығы бар. Полицейлер кездесуге әкелген ведомстволық музейдің жылжымалы көрмесі ауыл оқушыларының шынайы қызығушылығын тудырды.
Полиция музейінде бұрынғы Советское ауданы, қазіргі Аққайың ауданының тумасы, петропавлдық учаскелік инспектор болған Алексей Щербаков туралы тарих сақталған. 1990 жылы 2 тамызда милиция майоры Щербаков Жұмысшы кентінің Урожайная көшесіндегі үйде орын алған отбасылық жанжалды тоқтатуға шақыртылды. Мас бұзақыны тыныштандарып жатқанда Алексей Щербаков қауіпті ұстарамен ауыр жарақат алды. 42 жастағы тәртіп сақшысы ауруханаға жатқызылды, бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Бүгінде аудан орталығы Смирново ауылындағы көшелердің біріне милиционердің есімі берілді.
№ 1 Смирнов орта мектебінің қасбетіне ескерткіш тақта орнатылды. Нысанды көйлек, планшет, қайтыс болған учаскелік инспектордың құжаттары мен фотосуреттері ведомство музейінде сақтаулы тұр. Облыстық полиция музейінің меңгерушісі Любовь Осинская мен қорлардың сақтаушысы Нина Бенграф Алексей Щербаков пен қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан солтүстікқазақстандық милицияның тағы сегіз қызметкері туралы сақшылардың жас буынына және музейге келетін барлық адамдарға әңгімелейді.
Ерлік сабағына қаза тапқан милиционердің қызы Наталья Щербакова, ардагерлер, аудандық полицияның қызметкерлері, Полиция департаментінің мәдени орталығы, жастар мен оқушылар қатысты. Сондай-ақ кездесуде учаскелік полиция инспекторы Руслан Қыдырмин болды.
Патрульдік полиция батальоны құрамында қызмет атқарған жылдары ол адамдардың өмірін екі мәрте құтқарып қалды. Жиналғандарға облыстық полицияның жедел-қызметтік жұмысы мен тарихы туралы бейнесюжеттер көрсетілді. Ең қызығы, оқушылар мен жастардың осы кездесуге келген меймандарға көзбе-көз сұрақ қоюға мүмкіндіктері болды.
СҚО ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллиннің айтуынша, осы сияқты патриоттық іс-шаралар жас ұрпаққа өз еліне ерекше көзқараспен қарауға, тарих пен мәдениетті ұғынуға, сондай-ақ елдің дамуына қосатын үлесін түсінуге көмектеседі.