Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысқан 9 сотталған жолдама алды

Қызылордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысқан 9 сотталған жолдама алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметкерлері есепке алынған сотталғандардың қайта қылмысқа бармауы үшін оларды жұмысқа орналастыруды басты назарда ұстайды. Осы орайда Қызылорда қалалық прокуратурасы мен қалалық пробация қызметінің ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» орталығында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне пробация есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандар қатысты.

Жәрмеңкеде 23 жұмыс беруші 75 бос жұмыс орнын ұсынды. Жұмыс беруші мекемелерден электрик, слесарь, жүргізуші, есепші, аспаз, тігінші мамандықтарына сұраныстар көп болды. Нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған 9 азамат жолдама алды.

– Пробация қызметі есепте тұрған сотталғандардың қайта қылмысқа бармауы үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметті-құқықтық, заңгерлік, медициналық, психологиялық көмектерді көрсетеді. Жеке кәсіп ашамын деген сотталғандарға да құқықтық көмек көрсетіп, арнайы курстарды оқытуға да ықпал жасаймыз. Жыл басынан 79 сотталған тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулысымен жұмыс орындарына квота бекітілген. Есептегі жұмыссыз 48 адам квотамен жұмысқа орналасты, – деді қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары Р.Сыздықов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру