Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер мен еріктілер ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне барды

СҚО-да полицейлер мен еріктілер ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан “Жеңіс” жобасы аясында еріктілердің қайырымдылық акциясына қатысты. Жоба аясында Солтүстік Қазақстан еріктілерінің үйлестірушісі — жас қоғам қайраткері, полицейлер өткізген түрлі акциялардың көптен бері қатысушысы Евгений Соловьев болды.

Назарда — Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері. Олардың теңдесі жоқ ерліктерін құрметтеу, болашақ ұрпақтың өмір сүру құқығын қорғаған адамдардың тағдырына қатысу – жобаға қатысушылар осындай міндет қояды.

Жыл сайын соғыс батырлары азайып барады. Бүгінде еріктілер тізімінде 50-ге жуық солтүстікқазақстандық бар. Солардың бірі – Петропавл қаласының тұрғыны, 95 жастағы майдангер Иван Клименко. Жалғыз тұрса да, жаны сергектікке толы. Туыстары мен қоғам қайраткерлері оны ұмытпайды. Еріктілер оның үйінде жиі қонақ болады. Бүгін олар құқықтық тәртіп сақшыларымен бірге ардагерге азық-түлік апарып берді. Ең бастысы – өскелең ұрпақтың жадына ардагерлердің батырлығын еске салу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру