Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да пробация есебіндегі екі сотталған еріктілер қозғалысының құрамына кірді

СҚО-да пробация есебіндегі екі сотталған еріктілер қозғалысының құрамына кірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 наурызда Нұр Отан партиясы аудандық филиалының ғимаратында СҚО бойынша ҚАЖД Уәлиханов ауданының пробация қызметінде есепте тұрған жастармен кездесу өтті.

Іс-шараға Уәлиханов ауданының ПҚБ инспекторы Ж. Хусаинов, «Уәлиханов ауданының жастар бастамалары орталығы» КММ директоры Ф.Ахметов қатысты.

Кездесу барысында Уәлиханов ауданының пробация қызметінде есепте тұрған адамдар үшін ерікті тәлімгерлер институтына азаматтарды тарту мәселесі талқыланды. Аталған іс-шара есепте тұрған адамдарды бейімдеу және оңалту, сондай-ақ қоғамдық өмірге тарту және өзін-өзі іске асыру жөніндегі жұмыс жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді.

Бірлескен келісім және тілек негізінде СҚО бойынша ҚАЖД Уәлиханов ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған екі сотталған Жастар бастамалары орталығы жанындағы еріктілер қозғалысының құрамына кірді, олар ауданның мәдени-бұқаралық және қоғамдық іс-шараларына қатысатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру