Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда тергеу изоляторының қызметкерлері облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды

Оралда тергеу изоляторының қызметкерлері облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты тергеу изоляторының №2 аусымының жеке құрамы облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды.

Музейдегі тарихи жәдігерлермен танысып, тәуелсіз еліміздің өткен тарихынан, өңірге қатысты құнды мәліметтерден хабардар болған жеке құрам үшін бұл ерекше күн болды.

– Күнделікті ауыр да қарбалас қызметтен қолдары босай бермейтін әріптестеріміз бұл жолы өздеріне рухани демалыс жариялады. Басты мақсатымыз – қызметкерлердің бойындағы патриоттық сезімдерін күшейтіп, тарихты құрметтеуге шақыру, – деді мекемеде.

Музей экскурсоводы жеке құрамға танымдық экскурсия жүргізіп, түрлі жәдігерлермен таныстырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру