СҚО-да пробация есебіндегі сотталған қар тазалауға тартылды
СҚО-да пробация есебіндегі сотталған қар тазалауға тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО бойынша ҚАЖД Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық пробация қызмет бөлімінің есебінде қоғамдық жұмыстарға тарту түрдегі жазаға сотталған бір тұрғын бар.
Қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешімді сот шығарады. Қоғамдық жұмыстар ҚР Қылмыстық кодексінде, қоғамдық жұмыстар сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегiн қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады деп белгіленеді.
Қыс келуімен ең өзекті мәселелердің бірі – қар тазалау, сондықтан қыста қоғамдық жұмыстарға тартылғандар қар тазалайды. Рузаев ауылының бас алаңын қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жұмыс күні күніне төрт сағатқа созылады. Қоғамдық жұмыстарды орындау кезінде сотталған негізгі жұмысынан босатылады. СҚО Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық пробация қызметі және әкімдіктің қызметкерлерімен тұрақты негізде осы жаза түрін өтеп жатқан сотталғандарға бақылауды жүзеге асырады.
Жазаның негізгі мақсаты – әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, заңды бұзған адамдарды тәрбиелеу және ақтау, олардың болашақта жаңа қылмыстар жасауының алдын алу. Сот шешімін орындаудан жалтарған жағдайда, қоғамдық жұмысқа тарту жазасы қамауға ауыстырылады.