Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметшілерді еске алуға арналған волейболдан турнир өтуде

СҚО-да қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметшілерді еске алуға арналған волейболдан турнир өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының облыстық филиалының базасында 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің құрметіне волейболдан үш күндік турнир өткізілуде. Спорттық іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті аппаратының командалары қатысуда.

Қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметшілерді еске алу турнирі Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізіліп жатыр. СҚО-да облыстық полиция ведомствосының басқармалары мен бөлімдерінен 100-ден аса погондағы спортшы қатысты.

Турнирді ашқан облыстық Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов спорттық іс-шара еске алу символы және өткенмен жалғайтын көпір екенін атап өтті. Қаңтар айында заңмен мен тәртіпті қорғаған полицейлер мен әскери қызметшілер қауіптің алдында ерлік көрсетіп, ең қымбат – өмірлерін аямады. Өзінің кәсіби борышына адал болу, дәстүрлерді сақтау және жалғастыру – жас құқықтық тәртіп сақшыларын тәрбиелеудің негізі.

СҚО Полиция департаменті Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы Жанат Сағденовтің айтуынша, солтүстікқазақстандық полицейлердің шынығуына ерекше назар бөлінеді. Волейбол – күш пен төзімділікті талап ететін ойын ғана емес, командада әрекет ете отыра, нәтижеге қол жеткізуді үйретеді. 13 команданың ішіндегі спортшылардан үздікті анықтау қажет.


Ойынның ақтық сыны 26 наурыз болады. Еске алу турнирінің жеңімпаздары құнды сыйлықтар мен кубоктармен марапатталады. Ерлердің ерлігін үлгі тұта отыра, сондай-ақ өмірге төнетін қауіп пен қиындықтарға қарамастан, өз елі мен халқын қорғауға дайын қызметкерлер қатары жаңа мамандармен толығуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру