Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да құқық қорғаушылар арасында волейболдан жарыс өтті

СҚО-да құқық қорғаушылар арасында волейболдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Динамо дене шынықтыру-спорт қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы филиалы облыстағы құқық қорғау органдары ұжымдарының арасында өткізілген дәстүрлі спартакиаданың екінші түрі – волейболдан жарыстың нәтижесін шығарды.


Волейбол – төзімділікті ғана емес, команданың әр мүшесінің тактикалық тәсілдерді пайдалануын талап ететін ойын. Күш құрылымдары қызметкерлерінің арасындағы жарыс екі турдан тұрды. Волейбол алаңында қала, облыс тәртіп сақшыларының арасындағы мықты спортшылар анықталды.

Мықтыларды анықтау додасы екі күнге созылды. Әр команда төрт реттен ойынға түсті. Үшінші орын үшін алаңда ҚР Ұлттық ұлан академиясының және Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің командалары кездесті, нәтижесінде 2:1 есебімен әскерилер жеңіске жетті.

Ақтық жарысқа облыстық Полиция департаментінің және ҰҚК департаментінің командалары шықты. 2:0 есебімен ҰҚК департаменті топ жарып, жеңімпаз команда атанды.


Жарыс жеңімпаздары мен қатысушыларға Динамо дене шынықтыру-спорт қоғамының кубоктары мен грамоталары табысталды.

СҚО ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы Жанат Сағденовтың айтуынша, полицейлер арасында дене шынықтыруға, спорттық машықтарын жетілдіруге, командада жұмыс істеуіне ерекше көңіл бөлінеді. Әр заманауи полицей тек заңнамаларды, жарлықтар мен нұсқаулықтарды ғана біліп қоймай, дене бітімдерін де жетілдіруі тиіс.

Дәстүрлі динамолық спартакиада бағдарламасының келесі түрі – жауынгерлік қарудан ату мамыр айында өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру