Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да тонау қылмысы 20 пайызға төмендеді

СҚО-да тонау қылмысы 20%-ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-да тонау қылмысы 20 пайызға төмендеді. Бұндай нәтиже осындай қылмыстардың алдын алудан және оларды ашу деңгейінің артуынан мүмкін болды. Көп жағдайда тонауды бұрын істі болған адамдар жасап жатады.

Мәселен, өткен жылдың мамыр айында С.Мұқанов көшесіндегі үйдің жанында Петропавл тұрғынына бас бостандығынан айыру орындарынан екі ай бұрын ғана босап шыққан 40 жастағы қала тұрғыны шабуыл жасаған. Ол күш көрсетіп, жәбірленушінің телефоны мен қымбат емес металдан жасалған екі жүзігін тартып алған. Шығын сомасы 45 мың теңгені құрады. Ер адамды “ізін суытпай” патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ұстады. Қазан айында сот оны кінәлі деп таныды. Үкімге сәйкес, тонаушы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне тағы 3 жылға қамалды.

СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының ақпараты бойынша, бұрын сотты болған адамдарды бақылау – қылмыстарды қайта жасау мүмкіндігін азайтады. Сонымен бірге қылмыстардың ашылуын арттыру бойынша жүргізілетін мақсатты жұмыс та маңызды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тонау деректерінің ашылуы 91,3%-дан 93,6%-ға дейін өсті.

Жазадан бұлтартпау қағидатын жүзеге асыру – қылмысты азайтудың маңызды факторы. Бұл ретте заманауи полицияның техникалық жабдықталуын атап өткен жөн. Көп жағдайларда тонау фактілері кезекші тәулікте бейнебақылау камераларын пайдаланумен ашылды. 2022 жылы облыста жалпы 40 тонау дерегі тіркелді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 10 фактіге аз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру