Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да учаскелік инспектор ауылдықтардың көлігінің жүк салғышында қабан мен еліктің етін анықтады

СҚО-да учаскелік инспектор ауылдықтардың көлігінің жүк салғышында қабан мен еліктің етін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік полиция инспекторы Есіл ауданында заңсыз аң аулау фактісін анықтады. Тамыздың 28-і түнде полиция капитаны Данияр Шабаров аудан орталығы Явленкаға кіре берісінде тоғай жақтан келе жатқан “ВАЗ2-1111” көлігін байқаған. Тексеру барысында көліктің жүк салғышында жабайы жануарлардың етін анықтап, болжаммен қабан мен еліктің еті, дереу кезекші бөліміне хабар берген. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Автомашинаның ішінде болған 33 және 19 жастағы екі жергілікті тұрғын заңсыз аң аулағандарын мойындады, атқан орындарын көрсетті. Ол тұста күзгі аң аулау маусымы әлі ашылған жоқ-ты, ауыл тұрғындарында аңдарды атуға ешқандай рұқсат құжаттары болмаған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 3-б. (Заңсыз аң аулау) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, шығын сомасы анықталуда.

– Бұл жыл басынан СҚО-дағы заңсыз аң аулаудың бесінші жағдайы, – деп хабарлайды СҚО ПД ЖПҚ басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы Асхат Қожабаев. – Сондай-ақ тұрақты түрде жүргізілетін рейдтер барысында жануарлар мен өсімдіктер дүниесін пайдалану саласында 659 түрлі заңнама бұзушылықтары анықталды. Оның 396-сы аң аулау, 256-сы балық аулау ережелерін бұзу және 2 фактісі заңсыз ағаш кесу.

Сондай-ақ полицейлер СҚО-да күзгі аң аулау маусымы ашылғанын еске салады. Қазіргі уақытта бөдене, көгершін, қаз, үйрек, шіл, құр аулауға рұқсат берілген. Құстардан бөлек, борсық, қабан, маралды аулауға болады. Сібір елігіне 20 қыркүйектен, 1 қазаннан бастап суыр, түлкі, қарсақ, қоян, ал 1 қарашадан жанат тәрізді итке аңшылық маусымы ашылады. Тәртіп сақшылары аңшыларға аң аулау қағидаларын қатаң сақтауға, қаруды оғы алынған, бөлшектеліп, қынға салынған күйде тасымалдауға, аңшылық кезінде спирттік ішімдік ішпеуге шақырады. Табиғатты қорғау заңнамасын сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар аңшылық маусымы кезінде күшейтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру