СҚО-да ұрлық бойынша пробация есебінде бір кәмелетке толмаған бала тұр
СҚО-да ұрлық бойынша пробация есебінде бір кәмелетке толмаған бала тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Пробация қызметінің әлеуметтік тұтастығы – қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдардың құқықтары мен қоғамдық қауіпсіздікке және қылмыстың алдын алуға қатысты қоғам мүдделерінің арасындағы өзіндік тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты пробацияны қолданудың мақсаты – құқық бұзушының қоғамдағы қалыпты өмірге оралуына қатысты қажеттіліктерін ескере отырып, қылмыстық сот төрелігі саласындағы мемлекеттік саясатты ұтымды ету.
Бүгінгі таңда сотқа дейінгі пробация жұмыстарына ауқымды көңіл бөлінеді. Сотқа дейінгі пробация күдіктілер мен айыпталушылардың белгілі бір санатына қатысты олардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде ерікті негізде жүзеге асырылады. Атап айтқанда, кәмелет жасқа толмаған, мүгедектер, 58 жастағы және одан жоғары, жүкті әйелдер, 63 жастағы еркектер және одан жоғары, сонымен бірге үш жасқа дейінгі балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырғандар.
Сотқа дейінгі пробация үйде қамауда ұстау немесе күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған адамдарға қатысты қолданылмайды. Сотқа дейінгі пробация жоғарыда көрсетілген адамдардың жазбаша өтініші бойынша ол өтініш берген кезден бастап жүзеге асырылады. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында тоқтатылған жағдайда пробация қызметі сотқа дейінгі пробацияны тоқтатады.
Қазіргі таңда СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қаласы пробация қызметінде ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлімімен (Ұрлық) сотталған бір кәмелет жасқа толмаған бала сотқа дейінгі пробация есебінде тұр.
Сотқа дейінгі пробацияға түсетін барлық күдіктілерге жазбаша өтініш бойынша Петропавл қаласының пробация қызметінің бөліміне олармен сотқа дейінгі пробация жүргізу үшін медициналық тексеруден өту және психологиялық кеңес беру түрінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді, сондай-ақ Петропавл қалалық ПБ ЖПҚ ЮПТ ПУИ бірге тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісі жүргізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі пробация бойынша есепте тұрған адамға қатысты қылмыстық істі қысқартумен байланысты алып тастау жоспарлануда.