Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер кюветке түсіп кеткен көлікті алып шықты

Ақмолалық полицейлер кюветке түсіп кеткен көлікті алып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 қаңтарда Зеренді және Целиноград аудандық полиция бөлімдерінің құрама жасағының қызметкерлері төтенше жағдай кезінде құқық тәртіпті қорғауды жүзеге асыру барысында Нұр-Сұлтан-Талапкер автожолының 15 шақырымында жолдан кюветке шығып кеткен Lada Granta автокөлігін байқады.

Жүргізуші полицейлерге болған оқиғаның нәтижесінде, ол және оның екі жолаушысы көліктің салқын салонында шамамен үш сағат отырғанын, сонымен қатар салонда ересектерден басқа 11 жастағы бала болғанын айтты.

Оқиғадан кейін жолаушылар Ақмол ауылындағы туыстарына полицейлердің көмегінің арқасында жетті. Бірнеше минут ішінде құрама жасақ қызметкерлері көлікті тас жолға шығарды. Жүргізуші полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғысын білдіріп, көмек дер кезінде келмеген жағдайда, сапардың қалай аяқталатынын елестете алмайтынын мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру