Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда 122 сотталған өтемақы қорына 5,8 млн теңге берешек

Петропавл 122 сотталған өтемақы қорына 5,8 млн теңге берешек, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы” заңды орындау үшін пробация қызметі бөлімі Солтүстік Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп, жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізуде.

СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қалалық ПҚБ есебінде 2021 жылдың басынан бастап жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлемі бар 122 сотталған тұрады. Сот үкіміне сәйкес олардың жалпы берешек сомасы – 5 815 855 теңге.

Өткен жылы жалпы сомасы 4 127 455 теңгеге 87 сотталған жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді толық өтеген.

Жалпы төлемнің қалған 35 сотталғанның сомасы – 1 688 400 теңге, соның ішінде 14 сотталған 346 406 соманы жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді жыл басынан бастап ішінара өтеген.

– Мәжбүрлі төлемде өтемейтін сотталғандармен профилактикалық жұмыс жүргізіледі: жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жұмыспен қамту орталығына жіберіледі, инфрақұрылымдық жобалар бойынша бар бос орындармен танысады. Егер сотталғандар сот үкімі бойынша тағайындалған мәжбүрлі төлемді мүлде өтемейтін болса, ҚР ҚК-нің 430-бабына сәйкес жауапқа тартылады, – деді СҚО бойынша ҚАЖД-де.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру