СҚО-да үш аудандық полиция бөлінісінің бастығы ауысты
СҚО-да үш аудандық полиция бөлінісінің бастығы ауысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев аудандық полиция бөліністерінің бастықтарын таныстыру үшін облыстың үш ауданына барды. ҚР ІІМ келісіле отыра, 2020 жылғы 24 қыркүйектегі бұйрықпен үш аудандық полиция бөлімінің жаңа басшылары тағайындалды.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімінің бастығы болып полиция подполковнигі Марат Әлжанов тағайындалды. Ішкі істер органдарында 1999 жылдың тамызынан қызмет атқарып келеді. М.Б. Әлжановтың басшылық лауазымдарда тәжірибесі мол. Бес жыл бойы Уәлиханов ауданы полиция бөлімін басқарды. Аудандық бөліністің бұрынғы басшысы полиция подполковнигі А.С. Ідірісов СҚО ПД бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Уәлиханов ауданы полиция бөлімінің бастығы болып полиция подполковнигі Руслан Әлижанов тағайындалды. Ішкі істер органдарында 2001 жылдың қарашасынан қызмет атқарып келеді. Қызмет барысында Руслан Зайниденұлы өзін адал, ұйымдастырушылық қабілеті жақсы, жауапты қызметкер ретінде көрсетті. Бұған дейін Уәлиханов АПБ бастығының орынбасары қызметін атқарған.
Полиция полковнигі Марат Серкешев Айыртау ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. Ішкі істер органдарында 1994 жылдың тамызынан бастап қызмет атқарып келеді. Басшылық лауазымдарында тәжірибесі мол. Бұл лауазымға тағайындалғанға дейін облыстық аппараттағы Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды. Облыстық полиция ведомствосының бастығы тағайындалған жаңа басшыларды аудан әкімдері мен активтеріне таныстырды. Полиция бөлімінің жеке құрамының қатысуымен жаңа басшылардың алдында міндеттер қойылды. Бұл міндеттер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауының басым бағыттарында белгіленген.
Аудан әкімдері Қайрат Пішенбаев, Ағзам Тастеміров, Дархан Әмрин алғаш келуі мен жеке құраммен жеке танысуы барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде мақсатты жұмыс істеуге міндеттер қойып, жаңа лауазымдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.
– Қазір облыс аудандарында орақ науқаны қызу өтуде, диқандарға жан-жақты көмек көрсету – сақшылардың міндеті. Бөліністердің материалдық-техникалық жабдықталуын бағалаңыздар. Цифрландыру жөніндегі мәселелерді шешу, «қолжетімді полиция» қағидаты бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін атқарушы билікпен тығыз қарым-қатынас жасау қажет, – деп Марат Төлебаев жаңа тағайындалған басшыларға басты міндеттер қойды.