Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да үш күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 30 фактісі анықталды

СҚО-да үш күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 30 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасында облыстық «Шетелдік» акциясы қорытындыланды.

Жедел қызметкерлер, учаскелік инспекторлар, патрульдік және ювеналды полицейлер көші-қон қызметі қызметкерлерінен басқа үш күндік акцияға барлық сыртқы қызметтер де қатысты.

Акцияның негізгі мақсаты-құқықтық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тарапынан Қазақстан Республикасында болу тәртібінің ережелерін анықтау.

«Шетелдік» акциясының бірінші күні рейд барысында қалалық полиция басқармасының көші-қон полициясы бөлімінің қызметкерлері Петропавл сауда үйлерінің бірінде құрылысшы болып жұмыс істеген, бірақ еңбек қызметімен айналысуға рұқсаты жоқ 4 шетелдікті ұстады. Олардың барлығы – Өзбекстан Республикасының азаматтары. Нәтижесінде аталған құқық бұзушылық үшін шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Әбіловтың хабарлауынша, акция қорытындысы бойынша шетелдік азаматтардың болу ережелерін бұзудың 30 фактісі анықталған. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін барлығы 30 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, шақырылған шетелдіктердің болу ережелерін бұзғаны үшін Қазақстанның 46 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Заңсыз көші-қон фактілерінің алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру