Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық әйел англиялық күйеу жігітке сеніп, 2,4 млн теңгесінен айырылды

Қостанайлық әйел англиялық күйеу жігітке сеніп, 2,4 млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарабалық ауданының полиция бөліміне 60 жасар жергілікті тұрғын өтінішпен жүгінген. Ол өз арызында өткен жылы WhatsApp мессенджері арқылы ағылшын жігітпен танысып, оған несиеге ресімдеген қомақты ақшасын аударғанын айтты.

Жалғызбасты әйел ер адамның хабарламаларына сеніп, хат алмасуды бастады. Алаяқ мұны пайдаланып, хат-хабарлардың бірінде оған өткен туған күніне сыйлық жасағысы келетінін айтқан. Әйелді сендіру үшін ол алтын алқа, білезік, әйелдер сөмкесі, ашық аяқ киім мен қолма-қол ақша бар сыйлығының суретін жіберді. Қазан айында ер адам онымен сәлемдемеге қатысты өзінің агентінің хабарласатынын айтты. Осыдан кейін оған бейтаныс нөмірден сәлемдемені алмас бұрын 250 мың теңге сомасында ақшалай қаражатты төлеу қажет екендігі туралы хабарлама келді және оған банктердің бірінің деректемелері жіберілген.

Әйел алаяқтарға сеніп, ақшалай несие рәсімдеп, оларды көрсетілген деректемелерге жіберді. Екі күннен кейін оған тағы да мессенджерде жалған агент хат жазып, сәлемдеме Алматы қаласындағы поштада кешіктіріліп жатқандығы туралы хабарлаған. Онда ақша сомасы көп болғандықтан және сәлемдемені алу үшін тағы 1 млн теңге төлеу қажет болды. Әйел тағы да микро несиелік ұйымға барып, тағы бір несие рәсімдеген. Алаяқтар әйелдің сенімін пайдалана отырып, оған Англиядан жіберілген ақшаны қазақстандық валютаға айырбастау 28 млн теңгені құрайтынын және оны алу үшін тағы 1 млн теңге салу қажет екенін айтты. Кейін алаяқтар оны тағы 100 мың теңге несие алуға көндіргені белгілі болды.

Осы уақыт ішінде жалған ағылшындық күйеу жігіт келген кезде барлық несиелерді жабатыны туралы айтып келді. Әйел 500 мың теңге сомасында кезекті несие алудан бас тартқаннан кейін, “күйеу жігіт ” оған жазуды тоқтатқан.

– Абоненттік нөмірлердің қай елге тиесілі екендігін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы абоненттердің интернет-ресурс мәліметтеріне сәйкес кодталуы Украина абонентіне тиесілі екендігі анықталды. Аталған факті бойынша банк шоттарының тиесілігін анықтау үшін сұраулар дайындалды. Қолда бар абоненттік нөмірлер бойынша күдіктінің орналасқан жерін анықтау үшін ҚР ІІМ ЖСМ-ге сұрау салулар дайындалды, – деді Қарабалық ауданы ПБ бастығы Бақытбек Дисюков.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру