СҚО-да үш күнде ЖҚЕ бұзудың 500-ден астам дерегі анықталды
СҚО-да үш күнде ЖҚЕ бұзудың 500-ден астам дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Балалардың жолдардағы қауіпсіздігі” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында петропавлдық полицейлер №7 қалалық орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларымен кездесті. Шара барысында жол қозғалысының жас инспекторлары қомандасымен кездесу ұйымдастырылды, олар балаларға ережелерді түсіндіріп, арнайы пәрмендерді саптық қадамдармен сүйемелдеді.
Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы әңгімелер, жадынамаларды тарату, балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша бейнероликтерді көру – 3-сынып оқушылары мен полицейлердің арасындағы кездесу мазмұнды әрі қызықты өтті. Балаларға, әсіресе, патрульдік полиция қызметкерлерінің айтқан әңгімелері мен жол қозғалысын реттеушінің белгілері ғана емес, сонымен қатар, бәріне қызметтік көлікте отырып, жарқылдауық маяктар мен сигналдық дауыс зорайтқыш құрылғысымен танысу мүмкіндігі ерекше әсер қалдырды. Бұл оқиға балалардың көңілінен шықты, олар өздерін полиция қызметкері ретіне сезініп көре алды.
14 ақпаннан бастап полиция қызметкерлері балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтті: кездесулер, әңгімелер өткізіп, балалар мен олардың ата-аналарына барлық ережелерді қатаң сақтау қажеттілігі туралы түсіндірді.
СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, жедел-профилактикалық іс-шараның үш күнінде облыс жолдарында жол қозғалысы ережелерінің 500-ден астам бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 83-і – жолды белгіленбеген жерден кесіп өту немесе жаяу жүргіншілердің тыйым салатын дабылға өтуі, 19-ы – жаяу жүргіншілерге артықшылық бермеу және жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзу фактілері. Сондай-ақ, балаларды арнайы орындықсыз тасымалдаудың бірқатар фактілері анықталды.
“Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі” республикалық іс-шарасы елімізде 14-23 ақпан аралығында өткізіледі. Тәртіп сақшылары ата-аналарға балаларына мұқият бас-көз болуды және көше-жолдардағы тәртіпті үйретуге кеңес береді.