Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жаяу жүргіншілердің қатысуымен 24 жол-көлік оқиғасы орын алды

СҚО-да жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен 24 жол-көлік оқиғасы орын алды, төрт адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан облыста жаяу жүргіншілердің қатысуымен 24 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 26 адам зардап шегіп, төрт адам қаза тапты. Алты жол апаты жаяу жүргіншілердің кінәсінен болған.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінше, жыл басынан жол қозғалысы ережесін бұзған екі мыңнан астам жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылған. Петропавл қаласы Полиция басқармасының өндірісінде 23 мамырда таңғы сағат 11 шамасында Астана мен Интернационал көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша материал қаралуда.

Жолды кесіп өтпек болған 19 жастағы қала тұрғыны КамАЗ автокөлігінің астына түскен. Жарақат алған жас жігіт қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды. Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

– Жазғы кезеңнің басталуымен жол қозғалысына қатысушылардың барлығын жолдағы тәртіпке баса назар аударуды сұраймыз. Жаяу жүргіншілердің, велосипедшілер мен жүргізушілердің ұялы телефондар мен құлаққаптарды пайдалануы ең өкінішті салдарға әкеп соқтыратынын есте ұстаған жөн, – дейді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

СҚО-да жыл басынан 90 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 15 адам қаза тауып, 135-і жарақат алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру