Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Щучинск тұрғыны ағасын тауып берген ақмолалық полицейлерге алғысын айтты

Щучинск тұрғыны ағасын тауып берген ақмолалық полицейлерге алғысын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

57 жастағы В. Музыченко 13 мамырда Щучинск қаласындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз болды. Осы жылдың 16 мамырында жоғалған ер адамның туыстары Бурабай аудандық полиция бөліміне оны іздеуге көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінді. Хабар-ошарсыз жоғалған адамды іздеуге Бурабай АПБ, Ақмола облысы ПД аумақтық бөлімшелерінің, Бурабай курорты ЖПБ, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің жеке құрамы бағытталды.

Ер адамның туыстары бұған дейін оның үйден кетіп жүргенін және есту ақаулары бар екенін айтты. Ізедстіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қонақ үйлерді, жалдамалы пәтерлерді, адамдар көп жиналатын орындарды, сауда орталықтарын, қараусыз қалған құрылыстарды, саябақтарды, алаңдарды тексерді, қоғамдық көлік жүргізушілері және жеке тасымалдаумен айналысатын жүргізушілер сұралды.

Бурабай АПБ қызметкерлері аулаларды аралап шықты. Бұрынғы тұрғылықты жері бойынша Нұр-Сұлтан қаласына бару жүзеге асырылды. Жоғалған адамды іздеуге еріктілер, жұртшылық қатысты.

Қостанай облысы Б. Майлин атындағы Тобыл ауылының кенттік полиция бөлімінің қызметкерлерімен өзара іс-қимыл барысында В. Музыченконың орналасқан жері анықталды. Ол Тобыл ауылында болған. Ер адамның сөздері бойынша ол онда бағыттас көліктермен жеткен.

Үйден кету іс-әрекетін жалғыз болғысы келгендіктен солай істегенін айтып түсіндірді. Осы жылдың 26 мамырында ер адам пойызбен үйіне қайтты.

– Ағамды іздеп табуда шаралар уақытылы қабылданды. Әсіресе, полицей  Олжас Нұртазин мен Мақсат Тәжібаевқа алғысымды білдіремін. Оларға зор денсаулық және қызметте табыс тілеймін. Ең бастысы, бауырым аман-есен табылды, –  деп Бурабай АПБ қызметкерлеріне іздеуде көрсеткен көмектері үшін алғысын білдірді Сергей Музыченко.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру