СҚО-да жаза өтеу тәртібін бұзған пробация есебіндегі сотталған түрмеге қамалды
СҚО-да жаза өтеу тәртібін бұзған пробация есебіндегі сотталғанның жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылжар ауданының пробация қызметінің есебіндегі сотталғанға төрт жыл үш айға бас бостандығына шектеу қойылды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар белгілеген орындарда күніне төрт сағаттан аспайтын, жылына 100 сағат мерзімге мәжбүрлі еңбек белгіленді.
Осы сотталған адам өзі үшін тиісті қорытынды жасаған жоқ, профилактикалық әңгімелесу шараларына ден қоймай, мәжбүрлі еңбек істеген жоқ. Жазаны өтеудің үш ай ішінде бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы 17 жазбаша ескерту жасалды.
Осы бұзушылықтарға сәйкес пробация қызметі сотқа бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыныс жіберді. СҚО Қызылжар аудандық сотының қаулысымен ұсыныс қанағаттандырылды, қалған 3 жыл 6 ай 22 күн бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.