Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында рұқсат етілмеген митинге шыққаны 206 адам әкімшілік жауапқа тартылды

Павлодар облысында рұқсат етілмеген митинге шыққаны 206 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы әкімдігінің ғимаратына шабуыл жасау фактілері бойынша үш қылмыстық іске сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бір адамға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Кейіннен қылмыстық іс тергеуі Павлодар облысы бойынша ҰҚКД-ға берілді.

Зиянкестердің қылмыстық әрекеттерімен облыс әкімдігіне келтірілген залал – екі млн теңгеден асты.

Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылар арасында азаматтық тұлғалар тарапынан да, құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынан да құрбандар жоқ. Облыс аумағында дүкендерді тонауға, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ұрлауға, шағын және орта бизнес объектілерін жою және бүлдіру фактілеріне жол берілген жоқ.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБК 488-бабы (Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібін бұзу) бойынша рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін 206 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 180 адам әкімшілік қамауға алынды және сегіз тұрғынға айыппұл салынды. Төтенше жағдай кезінде коменданттық сағат режимін бұзғаны үшін 5-13 қаңтар аралығында ҚР ӘҚБК 476-бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша 813 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның ішінде 206 тәртіп бұзушы әкімшілік қамауға алынды, 251 адамға айыппұл салынды, 565 тұрғынға ескерту жасалды. 682 адаммен профилактикалық әңгіме жүргізілген соң үйлеріне жіберілді.

– Барлық тергеу әрекеттері қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң түрде жүргізілді. Ұсталғандардың барлығына білікті қорғаушылар берілді. Азаматтардан жүргізіліп жатқан тергеу және жедел алдын алу іс-шараларына түсіністікпен қарауды, тыныштықты сақтауды және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру