Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жігіттің өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына күдікті іздестіріледі

Солтүстік Қазақстан облысында жігіттің өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына кінәліні іздестіру жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 маусым күні М.Жұмабаев ауданының Полудино ауылының маңында осы ауылдың 2002 жылы туған тұрғыны анықталды. Жігіт Орталық аудандық ауруханада жол-көлік оқиғасының нәтижесінде алған дене жарақаты салдарынан қайтыс болды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлімі (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкелу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды. Аталған қылмысты ашу үшін ауданда СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Толық құрамда СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының іздестіру тобы, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жедел іс-шараларды жүргізу шеңберінде автокөлік құралдарының иелерін тексеру, куәгерлер мен көрген адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп, сыртқы бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделенеді.

– …Қазір ЖКО кінәліні анықтауға көмегін тигізетін кез келген ақпарат маңызды болып отыр. Егер ауыл тұрғындары, жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары, сол түні сол маңнан өткен жүргізушілер қандай да бір ақпарат білген болса, Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне – 50-03-99; СҚО ПД Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөліміне – 61-25-01 қоңырау шалуды өтінеміз; менің жұмыс телефоным – 39-40-16 немесе “102”, – деді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.

Аталған қылмысты ашу жөніндегі жұмыс СҚО Полиция департаменті және облыстық прокуратура басшылығының бақылауына алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру