СҚО-да жоқ масканы сатқан алаяқ іздестіріліп жатыр
Петропавл полициясына интернет-алаяқтардың құрбаны болған 1987 жылы туған жеке кәсіпкер арыз түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сұлулық салонына арналған өнімдерді сатумен айналысатын азамат Instagram желісі арқылы 7 мың дана медициналық маска сатып алмақ болады. Сол үшін 400 мың теңге ақшасын «өнім берушінің» шотына банк картасынан аударады. Ақшаны алған «сатушы» тарап кері байланысқа шықпай қойған. СҚО ПД ЖПБ басшысы Петр Климовтың айтуынша, бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлімі 4-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
– Ақпараттық жүйелердің көмегімен белгілі бір мәмілеге келген кезде белгісіз көздерге сенбеу керек. Әлеуметтік желілерде тіркелген интернет-дүкендерде шот тарихын, тіркелген күнін қарап, жарияланған посттарды саны мен мазмұнын зерттеу керек. Өзіне дейінгі тапсырыстардың жеткізілгені туралы өзгелердің пікірін саралау қажет, – деп кеңес береді криминалдық полиция басқармасының басшысы.